фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ол Қытай атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесуде Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде Нұрбек Оралбай 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, өзбекстандық Джавохир Умматалиевпен қолғап түйістіреді. Умматалиев осыған дейін оңтүстіккореялық Минсон Кимді жеңген болатын.
Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан бұл әлем біріншілігі World Boxing ұйымының аясында ересектер арасында ұйымдастырылған алғашқы чемпионат болып саналады. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.