Махмұд Сабырхан бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңді (ВИДЕО)

Махмұд Сабырхан бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңді (ВИДЕО)

фото: ҰОК. Суретте: Махмұд Сабырхан

Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ширек финалға жолдама үшін өткен кездесуде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан Косоводан келген Башким Баджокумен қолғап түйістіріп, оны алғашқы раундта нокаутпен жеңді. Осылайша, Махмұд Сабырхан жарыстың келесі кезеңіне өтті, ал Башким Баджоку чемпионаттағы жорығын аяқтады.

Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігі World Boxing ұйымы аясында ересектер арасында ұйымдастырылып отырған алғашқы әлем чемпионаты. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.