"Қай бетімен "маматайым" деп тұр?" – Танымал актриса 13 жылдан кейін қызымен көрісті (ВИДЕО)

"Қай бетімен "маматайым" деп тұр?" – Танымал актриса 13 жылдан кейін қызымен көрісті (ВИДЕО)

фото: ozgeris.info

Белгілі театр және кино актрисасы Гүлжамал Қазақбаева ұзақ жылдардан кейін шетелде тұратын қызымен жүздесті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесінің айтуынша, кезінде қызының шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуына қарсы болып, бір жылдай рұқсат бермеген. Алайда кейін туыстарымен ақылдаса келе, "қыздың жолын кеспейік" деген шешім қабылдап, келісімін берген.

"Сағыныш деген жақсы да, қиын да сезім. Сағынышты сезінбеген адамның өмірі толыққанды деп те айта алмаймын", – дейді актриса.

Осы сәттен кейін студияға актрисаның қызы Ләззат Әуезова кіріп келіп, 13 жылдан соң анасымен қауышты. Эмоцияға толы бұл кездесуде ана мен қыз көз жасына ерік берді. Ал Гүлжамал Қазақбаева бағдарлама жүргізушісі Аман Тасығанға ерекше алғысын білдірді.

Admin
Admin
Автор