Сыналар шақ келді: Бүгін 9 боксшымыз әлем чемпионатында өнер көрсетеді

Сыналар шақ келді: Бүгін 9 боксшымыз әлем чемпионатында өнер көрсетеді

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Бүгін, 9 қыркүйекте Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан атынан тоғыз боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Күндізгі сессия (Астана уақыты бойынша 16:00)

  • Әйелдер, 51 кг, 1/8 финал (В шаршы алаңы, 1-жекпе-жек): Алуа Балқыбекова – Га Ён Мун (Оңтүстік Корея);
  • Әйелдер, 60 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 8-жекпе-жек): Виктория Графеева – Люси Кингс-Уитли (Англия);
  • Ерлер, 55 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 11-жекпе-жек): Махмұд Сабырхан – Башким Баджоку (Косово);
  • Ерлер, 80 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 13-жекпе-жек): Нұрбек Оралбай – Тохтарбек Танатхан (Қытай).

Кешкі сессия (Астана уақыты бойынша 22:00)

  • Әйелдер, 48 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 1-жекпе-жек): Назым Қызайбай – Лилла Селецки (Венгрия);
  • Әйелдер, 70 кг, 1/4 финал (В шаршы алаңы, 6-жекпе-жек): Наталья Богданова – Сема Чалышкан (Түркия);
  • Ерлер, 50 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 10-жекпе-жек): Санжар Тәшкенбай – Хутайфа Эшиш (Иордания);
  • Ерлер, 65 кг, 1/8 финал (В шаршы алаңы, 13-жекпе-жек): Ертуған Зейнуллинов – Патрис Мугалзаи (Англия);
  • Ерлер, 85 кг, 1/8 финал (А шаршы алаңы, 15-жекпе-жек): Бекзад Нұрдәулетов – Георгий Кушиташвили (Грузия).

Барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясын "Qazsport" телеарнасы жүргізеді.

Айта кетейік, Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионаты – World Boxing ұйымы аясындағы ересектер арасындағы алғашқы тарихи біріншілік. Турнир 14 қыркүйекке дейін жалғасады.