Қазақ боксшылары әлем чемпионатында тарих жасап, керемет нәтижеге жетті

Қазақ боксшылары әлем чемпионатында тарих жасап, керемет нәтижеге жетті

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Аида Әбікеева мен Бейбарыс Жексен

Қазақ боксшылары Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бейбарыс Жексен 1/8 финалда үндістандық боксшы Сачинмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақ спортшысы ширек финалға шығып, жүлдеге жақындай түсті.

Ал әйелдер арасында 65 келі салмақта сынға түскен Аида Әбікеева қарсыласы, оңтүстіккореялық Сук Ён Каннан айқын басым түсті. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан берген ұпайымен қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтижемен Аида Әбікеева да ширек финалға жолдама алып, жүлделі орынға үміткерлер қатарына қосылды. Оның қарсыласы турнирді аяқтады.