фото: ашық дереккөзден
Айтыскер Бек Шымат мектеп қабырғасында жүргенде орын алған қызықты сәтін бөлісіп, көпшілікті күлкіге қарық қылды.
Ақынның айтуынша, 10-сыныпта оқып жүрген кезінде актер Бақытжан Қасымов өзін Жүрсін Ерманмын деп таныстырып, қоңырау шалған. Сол сәтті Бек Шымат алғаш естеліктерінің бірі ретінде "1001 түн" бағдарламасында баяндады.
"Бір күні актер Бақытжан Қасымов Жүрсін Ерман болып маған хабарласты. Дауысын алғаш рет естіп тұрғандықтан, қолым дірілдеп, сасып қалдым. Арнау айтасың ба, ей? деп сұрады. Болды аға, бәрін тастап, барамын дедім. Екінші рет қоңырау шалып, ұйқастарыңды дұрыстап кел деп ескертті. Сосын өзім хабарласып, "Аға, арнау не жайында" деп едім, «Никита деген орыс шал қайтыс болыпты, соның жанасында арнау айту керек», - деді. Сіздерге бір қызық айтайын ба, мен сол арнауға дайындалдым ғой", – деп күлді ақын.
Бұл қызықты оқиға студия қонақтарының да көңілін көтеріп, күлкіге бөлеген сәттердің бірі болды.
"Көзімнің ағы менен қарасындай,
Никита ағам еді дәл осындай,
Орыс болса да, қазақтың баласындай", – деген Бек Шымат жүргізушілер мен бағдарлама қонақтарын қыран-топан күлкіге қарық қылды.