Қуан, қазақ елі! Тағы бір боксшымыз ширек финалға жолдама алды

Қуан, қазақ елі! Тағы бір боксшымыз ширек финалға жолдама алды

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Сағындық Тоғамбай

Қазақ былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда ирландиялық Джек Майкл Марлимен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алып, медальға үміткер атанды. Ал оның қарсыласы турнирдегі жарысын мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетсек, Сағындық Тоғамбай –2024 жылғы Азия чемпионы, жастар арасындағы құрлықтық біріншіліктің үш дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар ол ересектер деңгейінде 2022 жылғы Азия чемпионаты мен 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.