фото: gettyimages
Велоспорт жарысында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Француз велоспортшысы Ноа Сартис жарыс кезінде жүрегі тоқтап, көз жұмды.
16 жастағы спортшы жексенбі күні Францияның солтүстік-батысындағы Курсемон қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысқан. Жерге құлар алдында Сартистің жүрек талмасы ұстап қалған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, спортшыны аман алып қала алмады.
Оқиғаға байланысты сол күні өтуі тиіс ересектер арасындағы жарыс та ұйымдастырушылар тарапынан тоқтатылды.