фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
"Құдалығымыз мың жылдық болсын! Мақсат немереңіз үлкен азамат болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – кеңестік және қазақ эстрадасының танымал әншісі, драмалық сопрано иесі, Қазақстанның халық әртісі (1994), Мемлекеттік сыйлықтың иегері (1999). Ол 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында халық әртісі атанып, халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін гран-при иегері болды. 1981 жылдан бастап "Қазақконцерт" бірлестігінде солист-вокалист болып еңбек етіп келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәдени-ағарту факультетін тәмамдап, кейін профессор атанды. Әншілік қабілеті бала кезінен танылып, музыка мектебінде кәсіби білім алды. Жүнісова түрлі мемлекеттердің беделді сыйлықтарына ие болып, Қазақстан мен шетелде өнер көрсеткен. Ол "Азия дауысы" фестивалінің екі мәрте жеңімпазы және "Платиновый Тарлан", "Алтын Адам", "Сахна ханымы" сияқты марапаттардың иегері. Бүгінде қазақ өнерінің биік өкілі әрі ұстаздық қызметімен де танымал.