фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында футбол клубтарын жекешелендіру ісін күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Бүгінде төрт қазақстандық футбол клубының иесі кәсіпкерлер. Бұл үшін оларға алғыс айтамын. Алайда футболды коммерцияландыруды жалғастыру керек. Өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, онсыз Қазақстанда футбол дамымайды", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы кәсіби спортты қазіргі заманғы әлемде қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыруға шақырды.