фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысында ауыр оқиға тіркелді. Шардара ауданында туған ұлы мен келінінің қорлығына шыдаған қария 4 қыркүйекте көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, көршісі қарияға жасалған зорлық-зомбылықты жасырын түрде видеоға түсірген. Алайда ол бейнежазбаны уақытында құқық қорғау органдарына тапсырмай, қария қайтыс болғаннан кейін ғана жариялаған.
Бұл дерек бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі таңда барлық қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесіне қарай заңға сәйкес шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына орай, тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды", – делінген полицияның ресми хабарламасында.