Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті

фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Наталья Богданова

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова World Boxing ұйымының әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Наталья Богданова 1/8 финалда үндістандық Санамача Чану Тхокчоммен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық спортшының айқын жеңісімен аяқталды – төрешілер бірауыздан Богданованың басымдығын мойындады. Бұған қоса, алғашқы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша, Наталья Богданова әлем чемпионатының ширек финалына шығып, жүлде үшін күресін жалғастырады. Ал Санамача Чану Тхокчом турнирді мерзімінен бұрын аяқтады. Айта кетейік, Тхокчом – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Богданованың әуесқой бокстағы басты жетістігі – биыл ересектер арасындағы IBA әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алғаны.