фото: ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақ дербиі өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
1/8 финалда қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай мен Қытай атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан шаршы алаңға шығады.
Нұрбек Оралбай өз қарсыласы, украиналық Матвей Ражбоны төрешілердің шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал Тоқтарбек Таңатқан 1/16 финалда мексикалық Эмилиано Редусиндоға қарсы айқаста жеңіске жеткен.
Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді. Жарысқа 60-тан астам елдің спортшылары қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқан 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында кездескен болатын. Сол бәсекеде Нұрбек Оралбай басымдық танытып, чемпион атанған.