"Америкадан келіп, ұят емес пе?" – Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваға ұрысты (ВИДЕО)

"Америкадан келіп, ұят емес пе?" – Сәкен Майғазиев Айгүл Иманбаеваға ұрысты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал актриса Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, оқырмандарын бір қуантып қойды.

Өнер иесі Instagram желісіндегі ресми парақшасында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаевпен бірге дастарқан басында отырған видеосын салды. Видеода Сәкен Майғазиев қаттама нан туралы айтып, әзіл-қалжыңын келтіріп, Айгүлге "Америкадан келіп, ұят емес пе?" дегендей қалжыңдап қойды.

"Біреуге таңғы, біреуге түскі, ал біреуге түнгі шай. Студенттік достарыммен сырласқанға не жетсін", – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Осы бір видеоны қалт жібермеген тағы бір әнші Жанар Айжанова сұрақ қойды.

"Әй, нанжауғыр қаттамаға неге шақырмайсың?" – деп жазды Жанар Айжанова.

Admin
Admin
Автор