15 адам қаза тапты: Жолаушылар мінген автобус жардан құлап кетті

15 адам қаза тапты: Жолаушылар мінген автобус жардан құлап кетті

фото: ашық дереккөзден

Шри-Ланканың таулы аймағында жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады.

Arab News мәліметінше, апат салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, тағы 16 жолаушы жарақат алған.

Полиция өкілі Фредрик Вутлердің сөзінше, оқиға бейсенбі күні кешке Коломбодан 280 шақырым шығыстағы Велавайя қаласының маңында болған. Автобус шамамен 300 метр биіктіктен құлаған. Зардап шеккендердің арасында 5 бала бар.

Алғашқы тергеу қорытындысына сәйкес, апатқа жоғары жылдамдық себеп болған: автобус алдымен басқа көлікке соғылып, кейін тосқауылдан өтіп, құзға құлаған.