фото: "Барыс" хоккей клубы
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымын Челябинскінің "Тракторына" қарсы өз мұз айдынында бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец мына құрамды мұз айдынға шығарды: Шутов (Шестаков) – Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Бреус, Савицкий-Томпсон-Кайыржан; Бекетаев-Данияр, Асетов-Өмірбеков-Оспанов; Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мұхаметов.
Бірінші кезеңде қос команда да бір-бір шайбадан соқты. "Барыс" сапынан Аңсар Шайхмедденов көзге түсті. Екінші кезеңде Кирилл Савицкий "Барыс" хоккей клубын алға шығарғанымен, қарсылас есепті теңестірді. Шешуші үшінші жиырмаминуттықта Тайс Томпсон үшінші шайбаны соқты. Бірақ ойынның аяқталуына екі минут қалғанда ресейлік клуб есепті қайта теңестіріп, матч овертаймға дейін созылды.
Қосымша уақытта "Барыс" өзінің басымдығын көрсетіп, жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, 9 қыркүйек күні "Барыс" өз мұз айдынында Хабаровскінің "Амурын" қабылдайды.