фото: instagram/maddisoooon. Суретте: Нұржан Иманалиев пен Айнұр Тұрсынбаева
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасы желіде жаңа жазбасын жариялады.
Нұржан Иманалиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында сторисін салды.
"Әдеп – әдепсіздердің әдепсіздігіне сабырлық таныту", – деп жазды Нұржан Иманалиев.
Бұған дейін Нұржан Иманалиев қазақ халқына өз тілегін жеткізіп, ақ ниетін білдірген.
"Қазақ елі – кең байтақ жері бар, текті халқы бар, талай қиындықты еңсерген асыл жұрт. Алла Тағала елімізге әрдайым тыныштық, бірлік, береке нәсіп етсін! Жүрегімізде иман, санамызда ізгілік, арамызда татулық болсын. Ұрпағымыз білімді, ержүрек, намысты болып өссін. Елімізді Алланың нұры қорғап, жеріміз аман, шаңырағымыз биік болсын!" – деген еді.