фото: kff.kz. Суретте: Ғалымжан Кенжебек
Бүгін, 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Аталмыш ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те басталады. Матчты "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Үш ойыннан кейін Бельгия жеті ұпай жинады. Ал Қазақстан төрт кездесу өткізіп, әзірге үш ұпай ғана еншілеп отыр. Әли Әлиевтің шәкірттері соңғы ойында Уэльс құрамасына қарсы өз алаңында 0:1 есебімен жол берді. Ал бельгиялықтар соңғы матчында сырт алаңда Лихтенштейнді 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста тек бір ғана жеңіске жетті. Ұлттық құрама Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтқан. Алайда Уэльске екі рет (1:3 және 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) жол берді.