фото: harpersbazaar.kz
Танымал қазақстандық боксшы Назым Қызайбайдың жаңа фотосессиясы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әдетте рингтегі қайсар мінезімен танылған спортшының бұл жолғы стилі жанкүйерлер үшін тосын болды. Көпшілік оның нәзік әрі өзгеше қырын көріп, таңданысын білдіруде. Әлеуметтік желі қолданушылары "Назымға мұндай образ үйреншікті емес, бірақ жарасып тұр" деген пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан боксы тарихында, ерлер мен әйелдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Ол жетістікке жету жолы, отбасының қолдауы және қоғамдағы стереотиптерді бұзу туралы сұқбат берген.