Нұрбек пен Махмұд шығады: Бүгін 5 боксшымыз ел намысын қорғайды

Нұрбек пен Махмұд шығады: Бүгін 5 боксшымыз ел намысын қорғайды

фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нұрбек Оралбай

Бүгін, 7 қыркүйекте бес боксшымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ерлер арасында шаршы алаңға Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) шығады. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) өнер көрсетеді.

Олардың жекпе-жегін "Qazsport" арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Күндізгі сессия (15:00, Астана уақыты бойынша)

  • 5-жұп (A шаршы алаңы). Ерлер, 55 кг, 1/16 финал. Махмұд Сабырхан – Брайан Оуэн Ортис (Мексика).
  • 9-жұп A шаршы алаңы). Ерлер, 80 кг, 1/16 финал. Нұрбек Оралбай – Матвей Ражба (Украина).

Кешкі сессия (22:00)

  • 2-жұп (A шаршы алаңы). Әйелдер, 57 кг, 1/8 финал. Карина Ибрагимова – Элиза Глинн (Англия).
  • 8-жұп (В шаршы алаңы). Әйелдер, 70 кг, 1/8 финал. Наталья Богданова – Санамача Чану Тхокчом (Үндістан).
  • 14-жұп (В шаршы алаңы). Ерлер, 65 кг, 1/16 финал. Ертуған Зейнуллинов – Юго Гро (Франция).

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.