фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендердің жүрегін жаулап үлгерген танымал блогер Нұргелді Дракон ауыр қазаға душар болды.
Блогер бүгін өзінің анасынан айырылғанын жария етті.
Желіде ерекше пранктары арқылы танымал болған Нұргелді әр бейнесін «Сәуле!» деген сөзімен аяқтап, көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Өкінішке қарай, блогердің анасы Сәуле өмірден өтті.
Бұл хабарды Нұргелдінің өзі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бөлісті.
Қазақ блогерін сүйіп көретін Қазақстандағы және шетелдегі жанкүйерлер оған көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.