"Жігіттер сенімді ақтамады": Енді ұлттық құрама намысын өзбек боксшысы қорғайды

"Жігіттер сенімді ақтамады": Енді ұлттық құрама намысын өзбек боксшысы қорғайды

фото: instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Бокс әрі ММА шолушысы Азамат Жоламановтың айтуынша, Қазақстан құрамасы шетелдік спортшымен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл туралы ол "Pulse Fighting" YouTube арнасында айтты.

– 65 келіге дейінгі салмақ туралы не ойлайсың? Қазір әлем чемпионатында бұл салмақта Ертуған Зейнуллинов сынға түседі. Бірақ тұрақтылық жоқ: бірде Мұхаммедсабыр шығады, ал Ертуған өткенде оны "Странджа" турнирінде жеңген. Бұл салмаққа жаңа есім керек сияқты. Қалай ойлайсың? Маған Ертуған да, Мұхаммедсабыр да сенім ақтап жүрген жоқ сияқты.
– Жалпы, бұл салмаққа жаңа боксшы келеді. Бір жігіт бар. Қысқасы, бұл инсайдерлік ақпарат, әзірге ашып айта алмаймын. Бірақ 65 келіге дейінгі салмаққа шетелден бір боксшы қосылады.
– "Шетелден" дегенді қалай түсінеміз? Легионер ме?
– Әзірге нақты айта алмаймын. Айта бастасам, кім екені бірден белгілі болып қалады. Бірақ бұл салмаққа расымен де шетелдік боксшы келейін деп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін спорт журналистері Уәлихан Қосанбай мен Олжас Байбосын Қазақстан құрамасы сапына Өзбекстаннан бір боксшы толығуы мүмкін екенін хабарлаған еді.