Қаралы хабар: "Қайрат" футбол клубының басшылығы ауыр қазаны естіртті (ФОТО)

Қаралы хабар: "Қайрат" футбол клубының басшылығы ауыр қазаны естіртті (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

"Қайрат" футбол клубының академиясында қызмет атқарған тәрбиеші өмірден озды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

61 жасқа қараған шағында Надежда Васильевна Караблина дүние салды. Қайғылы жаңалықты кәсіпкер Қайрат Боранбаев жеткізді.

Караблина соңғы он жыл бойы клубта жұмыс істеп, жас футболшылардың тәрбиесі мен дамуына үлкен үлесін қосты.

"Қайрат" футбол клубы марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.