фото: depositphotos.com
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды.
«Росатом» – жобаның бас мердігері
Агенттік таратқан ресми мәліметке сәйкес, «Росатом» – Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын жүзеге асыратын халықаралық консорциумның көшбасшысы болып бекітілді. Бұл шешімді мемлекеттік деңгейдегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған.
«Қарастырылған барлық ұсыныстардың ішінен Ресейлік компанияның ұсынысы Қазақстан үшін ең тиімді деп танылды», – делінген ресми хабарламада.