"Туа беремін, Алла бұйырса...": Ерке Есмахан жақында қызды болатынын мәлімдеді

"Туа беремін, Алла бұйырса...": Ерке Есмахан жақында қызды болатынын мәлімдеді

фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, жақын арада сәбилі болатынын жасырмай айтты.

Әнші оқырмандарымен ашық әңгіме барысында тағы да қызды болғысы келетінін жеткізді.

"Екі ұлдан кейін Құдайдан қыз сұрап жүрміз. Алла бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы – дені сау болса болды. Исламок ембейді. Ол енді жігіт қой, қарындасына жол берді", – деп жазды Ерке Есмахан.

Әлеуметтік желі қолданушылары жұлдызды жұптың отбасында жақын күндері қуанышты жаңалық күтіп тұрғанын болжады.

Admin
Admin
Автор