фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі
Алматыда өтетін "Қайрат" пен "Реал" арасындағы көпшілік күткен матчқа кейбір азаматтарға арнайы шақыру билеттері табысталатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бірінші кезекте билеттер қонақтарға, соның ішінде УЕФА өкілдеріне, халықаралық бақылаушыларға және құрметті меймандарға ұсынылады. Ол сондай-ақ шақыру билеттерін тікелей "Қайрат" футбол клубының өзі тарататынын атап өтті. Дегенмен, олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, бұл кездесуге шамамен 60-қа жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелмек. Журналистердің нақты тізімі мен мәліметтері «Қайрат» клубының алдағы ресми баспасөз жиынында жария етіледі.