Сүйінші, ағайын! Головкин туралы қуанышты хабар мәлім болды (ФОТО)

Сүйінші, ағайын! Головкин туралы қуанышты хабар мәлім болды (ФОТО)

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Журналистің жазуынша, Генадий Головкин бокстан әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақ былғары қолғап шеберлерін қолдап келген.

"Генаны ең бірінші жарыс алаңынан байқадым. Ол әлем чемпионатының кездесулерін толық қарап шықты. Жекпе-жектер аяқталғаннан кейін қазақ жігіттерімен және бапкерлерімен жолығып, сәттілік тіледі. Даңқты боксшының келгенін естіп, басқа елдің былғары қолғап шеберлері де айналасына жиналып, суркетке түсіп жатыр. Әлемдік аламанның алғашқы күндері осындай қарбалас. Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттерге сәттілік тілейміз!" – деп жазды Аслан Қаженов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ливерпульде ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл біріншілікті World Boxing ұйымы тарихында алғаш рет ұйымдастырды. 

Бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстан атынан екі спортшы қыз – Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева шаршы алаңға шығады.