Майк Тайсон жақында бокс аңызымен жекпе-жек өткізетінін мәлім етті

Майк Тайсон жақында бокс аңызымен жекпе-жек өткізетінін мәлім етті

фото: Justin Setterfield/Getty Images. Суретте: Майк Тайсон

Кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон X желісі арқылы Флойд Мейвезермен өтетін жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Темір Майк" алдағы кездесудің афишасын жеке парақшасына жүктеген.

Афишада: "Аңызға қарсы аңыз. 2026" деген жазу бар.

Сонымен қатар Тайсон келісімшарттың ресми түрде жасалғанын мәлімдеді.

Афишада көрсетілгендей, жекпе-жекті ұйымдастырумен боксшылардың өз промоутерлік компаниялары айналысуда.

Жанкүйерлер пікір қалдырып, бұл кездесу қай салмақ дәрежесінде өтетінін қызу талқылап жатыр, себебі қос боксшы әртүрлі дивизионда өнер көрсеткен.

Еске сала кетсек, Майк Тайсон соңғы рет былтыр қараша айында блогер Джейк Полға қарсы рингке шыққан еді. Бұл кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды. Жекпе-жек екі минуттық сегіз раундқа жоспарланған. Нәтижесінде Майк Тайсон төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты.