фото: ашық дереккөзден
Актер Рахман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында өміріндегі ең үлкен өкінішін ашық айтты, деп жазады ozgeris.info.
Өнер иесі екі рет некеде болғанын жасырмады.
"Бір өкінішім – бірінші некеден туған балаларым мен екінші некеден туған балаларым бір-бірімен араласпайды. Бірақ менімен араласуға қарсы емес. Балалықтан туған эгоизм бар шығар, қызғаныш та жоқ емес. "Араласпай-ақ қояйықшы" дейді. Уақыт қажет. Өзім асабамын, талай той басқардым. Біз сияқты араласпай жүріп, кейін қайта табысқан талай отбасын білемін. Сондықтан үмітімді үзбеймін. Құдай қаласа, ол күнге де жетерміз", – деді актер.
Сондай-ақ ол тұңғышының шаңырақ көтергенін де тілге тиек етті.
"Үлкенім 28-де, екіншісі 25 жаста. Одан кейінгі ұлым 10-сыныпқа өтті. Жалпы 5 ұлым, бір қызым бар. Алты баланың әкесімін. Тұңғыш ұлым үйленді. Қайын ата атанып үлгердім, бірақ әзірге ата бола қойған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Өздерінің философиясы бар сияқты", – деп таңданысын жасырмады Рахман Омар.