фото: Sam Barnes/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нора Джеруто
13-21 қыркүйек күндері Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сапынан кімдер жарыс жолына шығатыны анықталды. Токио төрінде ел намысын мына спортшылар қорғайды:
- Нора Джеруто – 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
- Дейзи Джемпкемей – 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, сондай-ақ 10 000 метрге жүгіру;
- Ясмина Тоқсанбаева – спорттық жүріс, 20 шақырым;
- Галина Якушева – спорттық жүріс, 35 шақырым;
- Полина Репина – спорттық жүріс, 35 шақырым.
Айта кетсек, қазақстандық жеңіл атлеттер қазір әлем чемпионатына дайындықтың соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.