17 жастағы қазақ баласы АҚШ-тағы жарыста сенсация жасады

17 жастағы қазақ баласы АҚШ-тағы жарыста сенсация жасады

фото: Қазақстан теннис федерациясы. Суретте: Заңғар Нұрланұлы

Қазақстанның үздік жас теннисшілерінің бірі Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың ашық чемпионаттың (US Open) ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

17 жастағы спортшы (жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 54-орында тұр) турнирдің үшінші айналымында Финляндия өкілі Оскари Палданиуспен кездесті.

Ойын үш сетке созылып, Заңғар Нұрланұлы 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 6 минут өнер көрсетті.

Матч барысында қазақ теннисшісі төрт эйс жасап, бес қосар қателікке жол берді, сондай-ақ 11 брейк-пойнттың 7-уін тиімді пайдаланды.

Ширек финалда Нұрланұлы 13-ші нөмірлі ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.