фото: Нұрғали Жұмағазы. Суретте: Сағындық Тоғамбай
Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа Қазақстан да қатысады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бірінші жарыс күнінде еліміздің екі өкілі шаршы алаңға шығады. Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова Өзбекстан спортшысы Нигина Уктамовамен кездеседі. Олар А рингінде кешкі сессияда (Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де) екінші жұпта сынға түседі.
Ал 13-жұп болып В рингінде Сағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегін өткізеді. 90 келіге дейінгі салмақта оның қарсыласы ағылшын боксшысы Айзек Око болмақ.
Жекпе-жектердің тікелей эфирін "Qazsport" және "SPORT+" арналарынан көруге болады.
World Boxing ұйымы өткізетін әлем чемпионаты 2025 жылғы 4-14 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстаннан бұл жарысқа барлығы 20 спортшы қатысады – ерлер құрамасынан 10, әйелдер құрамасынан 10 боксшы бақ сынайды.