Алматыға "Реал Мадрид" қандай құраммен келетіні белгілі болды

Алматыға "Реал Мадрид" қандай құраммен келетіні белгілі болды

фото: Marco Luzzani/Getty Images

"Реал Мадрид" футбол клубы Чемпиондар лигасының биылғы маусымына қатысатын футболшылар тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қақпашылар: Тибо Куртуа (Бельгия), Андрей Лунин (Украина), Фран Гонсалес (Испания)*, Хавьер Наварро (Испания)*.

Қорғаушылар: Дани Карвахаль (Испания), Эдер Милитао (Бразилия), Давид Алаба (Австрия), Трент Александер-Арнольд (Англия), Рауль Асенсио (Испания), Альваро Каррерас (Испания), Фран Гарсия (Испания), Антонио Рюдигер (Германия), Ферлан Менди (Франция), Дин Хейсен (Испания), Диего Агудо (Испания)*, Хесус Фортеа (Испания)*, Давид Хименес (Испания)*, Хоан Мартинес (Испания)*.

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем (Англия), Эдуардо Камавинга (Франция), Федерико Вальверде (Уругвай), Орельен Чуамени (Франция), Арда Гюлер (Түркия), Дани Себальос (Испания), Хорхе Сестеро (Испания)*, Поль Фортунь (Испания)*, Мануэль Анхель (Испания)*, Сесар Паласиос (Испания)*, Кристиан Переса (Испания)*, Уго де Льянос (Испания)*.

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор (Бразилия), Энрик (Бразилия), Килиан Мбаппе (Франция), Родриго (Бразилия), Гонсало (Испания), Браим Диас (Марокко), Франко Мастантонюо (Аргентина), Даниэль Янъес (Испания)*.

"*" белгісі көрсетілген ойыншылар – Академия мен жастар командасынан қосылған футболшылар (B тізіміне енгізілгендер).

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реалдың" Чемпиондар лигасы аясындағы ойыны 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.