Хабибтің інісі құлатқан қазақ жауынгері енді Топуриямен кездеседі

Хабибтің інісі құлатқан қазақ жауынгері енді Топуриямен кездеседі

фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Бекзат Алмахан

UFC жауынгері Бекзат Алмахан 22 қараша күні Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде испан спортшысы Александр Топуриямен кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Шұғыл жаңалық. Александр Топурия (6-1) құжаттарға қол қойғаннан кейін UFC-дегі екінші жекпе-жегін қазақстандық Бекзат Алмаханмен (12-2) өткізеді. Кездесу 22 қараша күні Катарда өтетін Fight Night турнирінде ұйымдастырылды", – делінген Х желісіндегі Pelunaton парақшасында.

Бекзат Алмахан UFC-дегі соңғы жекпе-жегін биыл мамыр айында өткізген. Ол Монреальда (Канада) өткен UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонды (14-5) бірінші раундта нокаутқа түсірген. Ал Александр Топурия соңғы рет 22 ақпанда Сиднейде (Аустралия) өткен UFC 312 турнирінде өнер көрсетіп, аустралиялық Колби Тикнессені бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңген.

Айта кетейік, Александр Топурия – UFC жеңіл салмақтағы чемпионы әрі P4P рейтингінің бірінші нөмірі болып тұрған Илия Топурияның туған бауыры.