фото: ашық дереккөзден
Қазақ айтыс өнерінің дарабозы, ақындық рухтың асқақ иесі Оразалы Досбосыновтың мерейтойына орай арнайы кітап шығару ісі қолға алынды.
Бұл бастама ақынның халық жадында сақталған асыл мұрасын жинақтап, келер ұрпаққа қалдыруды мақсат етеді.
"Қазақ айтыс өнерінің дарабозы, ақындық рухтың асқақ иесі Оразалы Досбосыновтың мерейтойына орай арнайы кітап шығару ісі қолға алынуда. Бұл еңбек – халық жадында сақталған жыр қазынасын жинақтап, келер ұрпаққа қалатын құнды мұра болмақ. Осы игі іске демеушілік көрсетіп, қолдау білдіруге шақырамыз! Бірге болып, ұлт руханиятына серпін берер, ұрпаққа өнеге болар іс жасайық! Әрбір үлес – елдікке қосылған асыл қадам", – делінген Оразалы Досбосыновқа арналып ашылған Instagram-дағы парақшада.