Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы дүркіретіп көкпар өткізді (ФОТО)

Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы дүркіретіп көкпар өткізді (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы жаңа күйеу баласының ұйымдастырған көкпарын тамашалады.

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жуырда қызы Раушанды ұзатқаннан кейін, отбасымен бірге күйеу баласы Ермахан Аймахан ұйымдастырған көкпарға барды.

Ал жұбайы Раушан Instagram парақшасында күйеуінің үлкендерден бата алу үшін көкпар ұйымдастырғанын айтты.

Айта кетейік, Ермахан – театр актері ғана емес, сонымен бірге жақсы әншілік қабілеті бар өнер иесі.