фото: ашық дереккөзден
Аустралияда Еуропа чемпионы, ауыр салмақтағы боксшы Джо Багнер қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ол 75 жасында қарттар үйінде дүниеден өтті. Қайтыс болу себебі нақты айтылмады.
Багнер бокс тарихында 1973 және 1975 жылдары Мұхаммед Әлимен өткізген жекпе-жектерімен есте қалған. Ол қос кездесуде де аты аңызға айналған боксшымен толық 15 раунд жұдырықтасып, ұпай бойынша жеңіліп қалған. Сонымен қатар, Багнер Еуропа чемпионы атанып, әлемнің барлық уақыттағы үздік ауыр салмақты боксшыларының ондығына кірген.
Ол 1976 жылы бокс мансабын аяқтап, кейін кино өнеріне бет бұрды. Оның фильмографиясында "Оны бульдозер деп атайтын", "Дельта үйі", "Қауіпті байланыс", Жан-Клод Ван Дамммен бірге түскен "Көше жауынгері" және "Жердің орталығына саяхат" атты картиналар бар.