фото: SN.kz
Белгілі әнші Ерке Есмахан жақында ғана ұлын дүниеге әкеліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. 11 маусым күні ол үшінші сәбиін босанып, әлеуметтік желі арқылы қуанышты жаңалығын бөлісті. Осы сәтте әнші өзінің Сәкен Майғазиев ұйымдастырған ұлының тойына бара алмағанын айтып, ерекше әзілмен сәлем жолдады.
«10 маусымнан бастап әлсін-әлсін толғақ басталды. 11-і күні кешке перзентханаға кеттік. Сағат 19:48-де Райымбекұлы Батыр дүниеге келді. Әкесі қуанышты хабармен сүйіншілетті. Қазір Аллаға шүкір, барлығы жақсы», – деп жазды Ерке Instagram парақшасында.
Әнші сонымен қатар Майғазиевтердің ұлының тойын онлайн тамашалағанын айтып, әзілмен сарқыт сұрады.
«Сәкен аға – Динара жеңге, тойдан сарқыт күтеді емізулі Ерке», – деді ол.