Қазақ баласы халықаралық турнирде күтпеген нәтижеге қол жеткізді

Қазақ баласы халықаралық турнирде күтпеген нәтижеге қол жеткізді

фото: instagram.com/zhukayev. Суретте: Бейбіт Жұқаев

Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы "Челленджер" турнирінің бірінші айналымында күтпеген нәтижеге ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлемдік рейтингте 191-орында тұрған қазақстандық теннисші Ресей өкілі, АТР тізімінде 236-орынға жайғасқан Илья Симякинмен күш сынасты.

2 сағат 25 минутқа созылған кездесуде Бейбіт Жұқаев бір брейк жасағанымен, өз мүмкіндігіндегі үш геймнен айырылып қалды. Матч нәтижесі: 4:6, 7:6, 5:7.

Айта кетейік, екінші сеттегі тай-брейкте Бейбіт Жұқаев қарсыласының матчболын қайтарып, ойынды соза білген еді.