фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жуырда "Қазақ стил"» лақап атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында төрт негізгі чемпиондық белбеуді біріктіру мақсатын әлі де ұстанатынын еске салған болатын.
"Ешқандай мәселе жоқ, Лара келіссе, мен дайынмын", – деп жауап берді Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, 42 жастағы Эрисланди Лара соңғы жылдары рингке сирек шығып жүр. Ол соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.