фото: Alash.kz коллажы
Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, оқырмандарымен қуанышын бөлісті. Ол Instagram парақшасында жан сырын ақтарып, өміріндегі жаңа кезең туралы ойымен бөлісті.
Жұлдыздың айтуынша, бұл жолғы ана атану тәжірибесі оған үлкен сабақ болған. Әрбір өткен қиындықтың артында өсу мен шыңдалу бар екенін айтып, жақындары мен жанашырларына алғыс білдірді.
"Өмірімнің жаңа парағы… Жаңа қадам, жаңа адам, жаңа мен. Осы жолы үлкен тәжірибемен! Жағдайымызды жақынымыздан артық сұрап, іздеп жатқан жандарға алғыс! Шүкір! Мен де, бөпешка да жақсымыз. Осыдан 3-4 жыл бұрын өткен жолыма қарасам одан да қорқынышты әрі қиын болған еді… Ал қазір мені өсіріп-пісірген сол өткеніме рақмет айтамын! Жаратқанның бергенінен берері мол! Сондықтан 5 жұлдызыммен одан әрі мықты, батыл, бақытты болып алға қадам басамыз. Болса бір хайыр! Болмаса мың хайыр!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.