Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құраманың айқын көшбасшысын атады

Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құраманың айқын көшбасшысын атады

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Бақыт Сәрсекбаев

Бокстан Қазақстан U-22 құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев шәкірті Нұрислам Қалдыбаев жайлы пікір білдірді, деп Sportinside.kz тілшісі "Sport talks podcast" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұрислам Қалдыбаев өзін шынымен жақсы көрсетті. Қазір екі жарыста қатарынан өзін дәлелдеді, әлеуеті жоғары екені байқалады. Бұл спортшымен жұмыс істеу керек, бірақ артық жүктеме бермей, осы қалпын бұзбай, сақтап қалу маңызды. Ол ұлттық құраманың болашақ бірінші нөмірі болады және ел намысын көшбасшы ретінде қорғайды", – деп атап өтті Бақыт Сәрсекбаев.

Айта кетейік, мамыр айында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Нұрислам Қалдыбаев финалда тәжік боксшысы Дамир Мубалихоновты төрешілердің шешімімен жеңіп, чемпион атанған болатын. Ал тамызда Таиландтың Бангкок қаласында өткен U-22 Азия чемпионатында финалда өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты да төрешілердің шешімімен ұтып, тағы да алтын жүлдеге қол жеткізді.