Әлемдік маңызды турнирде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Әлемдік маңызды турнирде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы алдағы Дэвис кубогы ойынына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

12-13 қыркүйек күндері Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасына қарсы плей-офф кезеңінде Чхунчхон қаласында кортқа шығады.

Бас бапкер Юрий Щукин бастаған жаттықтырушылар штабы алдағы кездесуге қатысатын бес спортшыны анықтады:

Александр Бублик (АТР рейтингінде – 24);

Александр Шевченко (91);

Тимофей Скатов (192);

Дмитрий Попко (237);

Бейбіт Жұқаев (191).

Ойындар Songam Sport Town хард кортында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады. Барлық матчтар үш сеттен тұратын форматта ойналады.