"Дайын емеспіз": Бокстан ұлттық құраманың капитаны тосын мәлімдеме жасады

"Дайын емеспіз": Бокстан ұлттық құраманың капитаны тосын мәлімдеме жасады

фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Айбек Оралбай

Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Ал оған дейін ұлттық құрама Шеффилдте соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Айбек Оралбайдың айтуынша, оқу-жаттығу барысында команда тактикалық және техникалық дайындықты жан-жақты пысықтап, спаррингтер арқылы шеберлігін шыңдады.

"Біз Шеффилдке дайындық пен спаррингтер үшін келдік. Осыдан кейін Ливерпульге жол тартамыз. Біздің құрама жақсы дайындалды. Тарихта алғаш рет өтетін әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауға бар күшімізді саламыз. Қазақстанның әлеуетін көрсету – басты мақсатымыз.
Команда әрбір ұсақ-түйекке дейін пысықтады: тактика, техника, серіктестермен жұмыс. Қазір дайындық деңгейімізді 99% деп айта аламын, бірақ толық 100% деу әлі ерте. Сондықтан бізге босаңсуға болмайды. Әлем чемпионаты – үлкен сын, мұнда әр спортшы мықты және әрқайсысы чемпион болуға лайық", – деді Оралбай World Boxing баспасөз қызметіне берген сұхбатында.