"Жүрегім елжірейді": Бейбіт Ыстыбаев жеке өміріне қатысты шындықты жайып салды (ВИДЕО)

"Жүрегім елжірейді": Бейбіт Ыстыбаев жеке өміріне қатысты шындықты жайып салды (ВИДЕО)

фото: bassport.kz. Суретте: Бейбіт Ыстыбаев

Қалың көпшілікке "Қазақстан барысы" турнирі арқылы танылған балуан Бейбіт Ыстыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бейбіт Ыстыбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында өз ауылы туралы жан тебірентерлік жазба жариялады.

"Ауылға барған сайын жүрегім елжіреп, балалық күндерім көз алдыма келеді. Қарашаңырақтың қақпасын аттағанымда, Үміт апамның ыстық алақаны мен жан жылуын сезінгендей боламын... Талас ауданы, Көшек батыр ауылы", – деп жазды Бейбіт Ыстыбаев.

Айта кетейік, Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы (2012, 2015, 2016) атанған. Сондай-ақ ол аталмыш турнирде 2011 жылы күміс жүлдені қанжығасына байлаған.