11 жастағы қазақ баласы Абу-Дабидегі әлемдік жарыста чемпион атанды

11 жастағы қазақ баласы Абу-Дабидегі әлемдік жарыста чемпион атанды

фото: pixabay.com

БАӘ-де өткен алғашқы Фуджейра халықаралық чемпионатында қазақтың жас шахматшысы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

11 жастағы Әлімжан Жауынбай халықаралық шахмат фестивалінің жеңімпазы атанды. Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, ол Youth-Open санатындағы (рейтингi 2200-ден төмен) жарыста 9 мүмкін ұпайдың 8-ін жинап, 250 жас қатысушының арасынан таза бірінші орын иеленді.

Бұған дейін Әлімжан Абу-Дабиде 11 жасқа дейінгі санатта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.