"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова қазақтың бұлбұл әншісін еске алды (ВИДЕО)

"Топырағы торқа болсын": Мақпал Жүнісова қазақтың бұлбұл әншісін еске алды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік видеоны жариялады.

Мақпал Жүнісова Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Роза Бағланова туралы естелік видеосын көрсетті.

"Роза апамның топырағы торқа болсын, түн тыныштығын берсін", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Роза Бағланованың өмірбаяны

Әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланова (1922–2011) – қазақтың ұлы өнер жұлдыздарының бірі. Ол еңбек жолын Ташкент филармониясынан бастап, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында концерттер берді. 1945 жылы Берлиндегі Жеңіс концертінде ән шырқады. Кейін Қазақ опера және балет театрында, Жамбыл атындағы филармонияда, "Қазақконцертте" еңбек етіп, ұлттық ән өнерін жаңа биікке көтерді.

Бағланова қазақтың халық әндерімен қатар, әлем халықтарының туындыларын да тамаша орындап, халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды. Ол "Ленин" ордені, "Еңбек Қызыл Ту", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған. 1996 жылы "Халық қаһарманы" атағы берілді.

2011 жылы Алматыда дүниеден өтті. Бүгінде туған жерінде және Алматыда ескерткіштері орнатылып, есімі мәдениет орындарына берілген.

Admin
Admin
Автор