Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің келіні желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады.
Өнер иесінің келіні Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында сторис салып, онда қайын атасы Сәкен Майғазиевке қатысты жазбаларды көрсетті. Осыдан біршама уақыт бұрын Сәкен Майғазиев лифтіде тұрып қалғанын айтқан еді. Міне, осы жағдайға байланысты Threads желісінің қолданушылары әзіл аралас қалжың жазып, түрлі жазба қалдырған.
"Әке, тредсте хит болып жатырсыз ғой", – деп жазды кейіннен Әдия.