фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіде белгілі дінтанушы, уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетовтің қайтыс болғаны жайлы ақпарат жарияланды.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Жарқын Мырзатай есімді қолданушы TikTok парақшасында имам Нұрсұлтанның 30 тамыз күні кешкі сағат 23:30 шамасында өмірден өткенін айтқан. Оның өліміне көлік апатынан кейін алған жарақаттарының асқынуы себеп болғаны хабарланды.
Марқұмның жаназасы туған жері – Арал ауданында, 14:35-те орталық зиратта өтетіні де жазылған.
Еске салайық, 25 шілде күні Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол апатына түскен еді.
Құрметті оқырмандар, әлеуметтік желіде тараған түрлі қауесеттерден, жалған ақпараттардан аулақ болуға шақырамыз! Тек дәлелденген, ресми ақпараттарға сеніңіздер!