фото: "Динамо" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Бақтиер Зайнутдинов
"Динамо" командасының 27 жастағы қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қыркүйек айындағы матчтарға қатыса алмайды. Ол жарақатынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын клубында жалғастырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Мәскеулік "Динамо" Қазақстан футбол федерациясына ойыншының ЦСКА-ға (1:3) қарсы өткен Ресей Премьер-лигасының бесінші тур ойынында бұлшық ет жарақатын алғанын жеткізген.
Егер қалпына келу жоспары сәтті жүрсе, Бақтиер Зайнутдинов "Спартакқа" қарсы дербиге дейін алаңға оралуы мүмкін. Ал жалпы командамен жаттығуды ол келесі аптаның басында бастайды деп күтілуде.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов жазғы трансферлік терезеде "Динамоғ"» ауысқан болатын. Қорғаушы жаңа клуб сапында әзірге төрт матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.